Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізу негізі: 2026 ж. 03.02 науқасқа МКБ- 10 В 15.9 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабарлама.
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: "Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы"РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): талап етілмейді
- Тергеу жүргізу мерзімі: 20.02.2026-12.03.2026ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, Демесинов көшесі №16, «Жаным» бөбекжай балабақшасы.
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
- ҚР Әкімшілік бұзушылық құқық Кодексіне сәйкес 7-бабының 31) тармағына сәйкес, ҚР ДСМ 2020 жылғы 29 қазаны №169 бұйрығының 2-тарау 12 тармағы.
- ҚР ДСМ 02.02.2021ж. №13 бұйрығы, 5 параграф, 33тармақ, 3 тармақша.
- 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысының 15 тармағы.
- Қабылданған шаралар:
- ҚР Әкімшілік бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды (425-бап, 1-бөлім).