Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізу негізі: 2026ж. 02.02. № 1 шұғыл хабарлама, халықаралық жіктемесінің коды бойынша -10 К 12.2
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): талап етілмейді
- Тергеу жүргізу мерзімі: 05.02. - 25.02.2026ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қарасай клиникалық көпбейінді аудандық аурухананың Көксай дәрігерлік амбулаториясының стоматология кабинеті
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
- А, Б классындағы медициналық қалдықтар стоматологиялық кабинетінде өз уақытында шығарылмайды ҚР ДСМ 11.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығы (7-тарау, 181-тармақ, 5 тармақшасы)
- Тіс дәрігерінің қол өндеуі санитарлық талапқа сай өнделмейді (зергерлік бұйым шешілмей қолдың өндеуі жүргізіледі). ҚР ДСМ 02.12.2022 жылғы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы ( 2 қосымша, 1 тарау, 3 тармақ)
- Стерилизация сапасын бақылау талаптарға сәйкес жүргізілмейді (ауа стерилизаторындағы бақылау нүктелерінің орналасуы дурыс емес), химиялық индикаторлар әрбір оралған стоматологиялық құралдар жиынтығының үстіне қойылады. ҚР ДСМ 29.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-68 бұйрығы (3-тарау, 41-тармақ, 8 қосымша, кесте №2)
Қабылданған шаралар:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес 1 жеке тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.