Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау қажет?

Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау қажет?

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 маусымдағы №927 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі - ҚР ҰҚК) қосылу арқылы қайта ұйымдастырылып, ҚР ҰҚК ведомствосы – ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі - Қызмет) құрылды.

Аталған Қызметте азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық кеңес алу үшін «1424» call-орталығы жұмыс істеуде.

Call-орталық кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы ақпаратты тіркеп, келіп түскен ақпараттар негізінде шұғыл шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.

 

Дата публикации
12 февраля 2026