Түсіндіру жұмыстары және құқықтық жалпы оқыту жүргізілді
2025 жылдың 29-30 желтоқсан аралығында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлжан Нысанғалиқызы Аманова Іле аудандық және Алатау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына түсіндіру жұмыстары мен құқықтық жалпы оқыту жұмыстарын жүргізді.
Іссапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін түсіндіру, сондай-ақ аудандық басқармалар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды талдау нәтижелерін талқылау.
Шара ашық диалог және сұрақ-жауап түрінде өтті.