Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2025 ж. 28.04. науқасқа МКБ-10 А 16.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабарлама

  1. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
  3. Тергеу жүргізу мерзімі: 07.04. - 15.05.2025 ж.
  4. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, «Алат С» ЖШС медициналық орталығы
  5. Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:

     Науқаспен байланыста болған 2 адамға зерттеп-қарау (клиникалық-рентгенологиялық, Манту сынамасын қою, туберкулез рекомбинантты аллергені бар тест) жүргізілмеген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2 тарау, 42-тармақ  2 тармақшасы) .

  1. Қабылданған шаралар: Орындау мерзімдерін көрсете отырып, салдарларды жою және олардың

қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізу мақсатында ұсыныстар берілді.

 

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
22 декабря 2025