Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2025 ж. 17.04. науқасқа МКБ-10 А 15.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабарлама

  1. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
  3. Тергеу жүргізу мерзімі: 16.04. - 05.05.2025 ж.
  4. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, ШЖҚ "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" МКК –ның Райымбек ауылының дәрігерлік амбулаториясы
  5. Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:

  Халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдістері туралы түсіндіру жұмыстары толық жүргізілмейтіні анықталды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2 тарау, 19-тармақ  4 тармақшасы) .

  1. Қабылданған шаралар: орындау мерзімдерін көрсете отырып, салдарларды жою және олардың

қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізу мақсатында ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
19 декабря 2025