Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі туралы 5 сұрақ-жауап

Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі туралы 5 сұрақ-жауап

 

  1. Мұндай тексеру шеңберінде сынама алу, зертханалық зерттеулер мен өлшеулер жүргізіле ме?

Иә, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи ортаның компоненттерінің сынамаларын (үлгілерін) іріктеу, адамдарды тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеулер, өлшеулер жүзеге асырылуы мүмкін

 

  1. Нысандар қаншалықты жиі тексеріледі?

1) жоспарлы тексеру үшін:

- тәуекелдің жоғары дәрежесіне (эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары) жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін - еселігі жартыжылдықта бір реттен жиі емес айқындалады;

– тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін - (эпидемиологиялық маңызы шамалы) - еселігі жылына бір реттен жиі емес айқындалады.

2) бару арқылы мониторинг жүргізу үшін:

- бір шешім шеңберінде бір реттен артық емес;

3) жоспардан тыс тексерулер мен тергеп-тексерулер:

- халық арасында жаппай жұқпалы аурулар мен уланулардың тіркелген жағдайлар фактілері немесе пайда болуы мен таралу тәуекелдері, қатерлері, жеке және заңды тұлғалардың негізделген шағымдары, мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының тапсырмалары, талаптары мен өтініштері бойынша

 

  1. Қандай объектілер жоғары тәуекел дәрежесіне (эпидемиялық маңыздылығы жоғары) жатады?

1) балаларға арналған сүт асханалары

2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық түрлерінің объектілері

3) барлық түрдегі және үлгідегі балалар мен жасөспірімдер тұратын білім беру және тәрбиелеу объектілері

4) ұйымдастырылған балалар ұжымдарындағы (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы, интернаттық ұйымдардағы, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы) қоғамдық тамақтану объектілері

5) балаларға стационарлық, амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері; стоматологиялық қызметтер

6) сауықтыру және санаторий объектілері (маусымдық, жыл бойы)

  1. Қандай объектілер орташа және төмен тәуекел дәрежесіне жатады (эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз)?

1) медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері

2) балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары

3) тәрбие мен білім берудің арнаулы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары

4) балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу, дене тәрбиесі және шығармашылық қабілеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыкалық, спорттық және көркемсурет мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аула клубтары, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар және мектептен тыс ұйымдар

5) қалпына келтіру және медициналық оңалтуды жүзеге асыратын объектілер

6) медициналық-әлеуметтік, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету объектілері

Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі туралы 5 сұрақ-жауап
Дата публикации
11 декабря 2025