Алматы облысындағы ЖРВИ/тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай

Алматы облысындағы ЖРВИ/тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай

Алматы облысында ЖРВИ/тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып саналады.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде жоғарғы тыныс жолдарының респираторлық вирусты инфекциясының белгілері бар 78 мыңнан астам медициналық көмекке жүгінді,  науқастардың бірқатар үлесін: 49% -н 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сырқаттанушылықтың 38%-ға төмендеуі байқалады.

Тұмау вирустарының айналымын анықтау мақсатында 400-ден астам үлгі зерттеліп, 100-ден астам үлгіде тұмаудың А/H3N2 типі анықталды. Айта кету керек, ағымды жылы тұмау айналымы өткен маусымға қарағанда 4 апта бұрын анықталды. Зерттеулер көрсеткендей, тұмаудың бұл типі бұрын белгілі болған штамдарына қарағанда әлдеқайда оңай таралады және клиникалық сипаты агрессивті түрде өтеді, бұл вирустың біршама генетикалық өзгерістерге ұшырауымен түсіндіріледі.

Тұмаудың ең қауіпті және жиі кездесетін асқынуы - өкпенің қабынуы, ал  жүрек-қантамыр жүйесінің асқынуы егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Тұмау кезінде неврологиялық асқынулар: ми тіндері мен ми қабығының қабынуы (энцефалиттер, менингиттер және менингоэнцефалиттер) мүмкін. Жүйке жүйесінің асқынулары әдетте интоксикацияның шыңында, көбінесе балаларда кездеседі. Әдетте сырқаттың ауыр жағдайымен, қатты бас ауруы сезімімен, естен танумен, құрысулармен сипатталады. Тұмаумен сырқаттану кезінде  созылмалы аурулардың асқынулары жиі кездеседі.

ЖРВИ/тұмау ауруларымен сырқаттану қаупін және асқынулардың алдын алу үшін:

  • адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеңіз;
  • тұрғын және жұмыс бөлмелерінде үнемі желдетуді сақтаңыз;
  • сырқаттармен байланысты шектеңіз;
  • аурудың алғашқы белгілері байқалғанда үйде болыңыз, балаларды мектептер мен балабақшаларға жібермеңіз;
  • медициналық көмекке уақтылы жүгініңіз, өзін-өзі емдеуден аулақ болыңыз.
Алматы облысындағы ЖРВИ/тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай
Дата публикации
05 декабря 2025