АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2025
2025 жылғы 13 қарашада Қонаев қ. Департамент басшысы М.Исмаилов Департамент басшысының орынбасары М. Сағадиевтің, бөлім басшысы А.Қожабекованың қатысуларымен «ASYL URPAQ» өзін өзі реттейтін ұйымның жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігің құрылтайшысы К.Батырбекованың және мүшелерінің қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзін-өзі реттеуге қатысты мәселелер жан жақты талқыланып, бірқатар кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуімен байланысты өзара іс-қимыл тәртібі мен қатынастар айқындалды.