Алматы облысының санэпидқызметі 2025 жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады

Алматы облысының санэпидқызметі 2025 жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады

 2025 жылғы 7 қарашада Қонаев қаласында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматы облысының санэпидқызмет органдарының кеңейтілген кеңесі өтті.

Кеңейтілген кеңес Алатау қаласы санэпидбақылау басқармасының басшысы Ж. Солтанбек пен Қонаев қалалық санэпидбақылау басқармасы басшысының орынбасары Ә. Ж. Әлімжанованың лауазымдарына тағайындауларына қатысты құттықтаулардан басталды.

Бұдан басқа, кеңейтілген кеңеске СЭСжҒПО зертханасының меңгерушісі Н.М. Қожахметов қатысып, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері туралы сөз айтты.

Облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің 10 өзекті мәселесі қарастырылып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Алматы облысының санэпидқызметі 2025 жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады
Дата публикации
08 ноября 2025