Санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар
102 инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті инфекциялардың нозологиясы бойынша санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мен саламаттылығын қамтамасыз етеді.
Ағымды жылы оба, тырысқақ, туляремия, сібір жарасы, құтырма, іш сүзегі сияқты инфекцияның 54 түрі бойынша жұқпалы инфекциялар тіркелмеді; 22 жұқпалардың, оның ішінде қызылша, көкжөтел, вирустық А гепатиті, жаппай тамақтан уланулардың төмендегені байқалады; Алайда, 26 инфекция, оның арасында тынысалу мүшелерінің туберкулезі, бруцеллез, кене энцефалиті, менингококкты жұқпа, малярия жағдайының асқынуымен сипатталады.
Жұқпалы аурулар өлімнің жетекші себептерінің бірі, ДДҰ мәліметіне сәйкес, күн сайын әлемде инфекциялық аурулардан 50 мың өлім-жітім тіркеледі. Ағымды жылы облыста сырқаттардың 5 жұқпалы аурудан - сіреспеден, бактериалды және менингококты менингит, кене энцефалиті және желшешектен өлім жағдайлары тіркелді.