Алматы облысында А/H3N2 тұмауы вирустарының айналымы анықталды

Алматы облысында А/H3N2 тұмауы вирустарының айналымы анықталды

 Эпидемиялық маусым басталғаннан бері жоғарғы тыныс жолдарының респираторлық вирусты инфекциясының белгілері бар 12 мыңнан астам адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың 49% - ы  медициналық көмекке жүгінді.

Облыста тұмау вирустары түрлерінің айналымын анықтау мақсатында ЖРВИ-мен сырқаттану белгілері бар адамдар зерттеліп,  нәтижесінде 4 балада тұмаудың А/H3N2 типті вирусы анықталды.

ДДҰ-ның эпидемиологиялық және зертханалық деректеріне және елдегі вирусологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, ағымдағы маусымда В вирусының қосылуымен А/Н1N1/pdm09 және А/H3N2 типті вирус субтиптерінің айналымы болжануда. Сондай  - ақ, А/H3N2 типті тұмау вирустарының белсенділігінің өсуі күтілуде, бұл өткен маусымдағы белсенділігі төмен болғаннан кейін популяциялық иммунитеттің төмендеуімен түсіндіріледі.

Тұмау әр адамға қауіп төндіреді, бірақ кейбіреулерінде – мысалы, егде жастағы адамдарда, жүкті әйелдерде және иммунитеті төмен және созылмалы аурулары бар адамдарда – өте ауыр ағымда өтуі мүмкін. Егер сіз осы тәуекел топтарының бірінде болсаңыз, келесі ұсынымдарға көңіл бөліңіз:

- тұмауға қарсы екпе алыңыз;

- өзіңізді нашар сезінген кезде үйде болыңыз;

-  адамдар көп жиналатын жерлерде бетпердені қолданыңыз;

- үй-жайларды жиі желдетіңіз.

Алматы облысында А/H3N2 тұмауы вирустарының айналымы анықталды
Дата публикации
04 ноября 2025