Защитимся от гриппа !!!

Тұмаудан сақтанайық !!!

Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинациямен 70 мыңнан астам, яғни, егілуге жататындардың 48%-ы немесе жалпы халықтың 5%-ы қамтылды.

Вакцинация әсіресе асқынулардың даму қаупі жоғары адамдар үшін өте маңызды, атап айтқанда: жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, егде жастағы адамдар.

Осыған байланысты диспансерлік есепте тұрған адамдардың 33% - ы, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдердің 60% - ы, медициналық қызметкерлердің 66% - ы, қарттар үйлері контингентінің 77% - ы және жабық мекемелердегі балалардың 88% - ы вакцинациямен қамтылды.

Сонымен қатар, ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың өршу кезеңінде, вакцинациямен қатар  келесі алдын алу шараларын ұстану қажет: 

  • жаппай іс-шараларға баруды қысқарту, ылғалды тазалау жүргізумен үй-жайларды желдету, ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен байланыста болудан аулақ болу, байланыста болған жағдайда - масканы пайдалану, жеке гигиена ережелерін сақтау;
  • сырқаттану белгілері пайда болған жағдайда үйде қалу, өзін-өзі емдеуден аулақ болу, медицина қызметкерін шақырту, тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау;
  • науқас балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жібермеу.
Дата публикации
29 октября 2025