Тұмаудан қалай қорғануға болады ?!
Тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар - барлық белгілі жұқпалы аурулардың ішінде бірінші орынды алады және халықтың барлық жас топтарында сырқаттанушылық пен өлімнің басты себебі болып табылады. Асқынулардың ең жоғары қаупі 2 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан ересектер және созылмалы жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, қан немесе зат алмасудың патологиясы бар кез-келген жастағы адамдар арасында байқалады.
Тұмауға қарсы вакцинация - бұл инфекциядан қорғаудың ең тиімді және жалғыз әлеуметтік-экономикалық негізделген әдісі, сырқаттанушылықтың, ауыр асқынулардың және өлім қаупінің алдын алуға көмектестеді. Вакцина вирустың өзекті штамдарына нақты иммунитетті қалыптастырады, аурудың ауыр ағымының ықтималдығын едәуір төмендетеді.
Тұмауға қарсы вакцинациялауға халықтың мынадай топтары: медициналық ұйымда диспансерлік бақылауда тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы жатады. Сондай-ақ, тұмауға қарсы вакцинациялау эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдарға – жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, әскери қызметшілерге, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға, қарт адамдарға ұсынылады.
Сонымен қатар, ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың өршу кезеңінде келесі шараларды ұстану қажет: