Алматы облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды!!!

Алматы облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды!!!

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері тұмауға қарсы вакцинациядан өтті.

Респираторлық инфекциялар мен тұмау маусымы медициналық ұйымдарға айтарлықтай шығын ауыртпалығын және адамдардың жұмысқа келмеуіне байланысты экономикалық зиян келтіреді. Осыған байланысты қызметтік ұжымдардың тұмауға қарсы профилактикалық вакцинациясы экономикалық тұрғыдан негізделген, өйткені бұл ұйым қызметкерлерінің аурушаңдығын азайтуға мүмкіндік береді.

Қызметтік  ұжымды тұмаудан барынша қорғау үшін қызметкерлердің кемінде 40%-н вакцинациялау ұсынылады, бұл өз кезегінде әрбір вакцинацияланған адамды жеке қорғауды және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Ұжымдық иммунитет - егілген жұмысшыларға қосымша қорғаныс береді және ұжымда егілмеген адамдардың ауруға шалдығу ықтималдығын азайтады. Екпе алған қызметкерлер неғұрлым көп болса, демек тұмаудан қорғалған болады, қызметкерлер арасында вирустың ену және таралу ықтималдығы соғұрлым төмен болады.

Дұрыс таңдау жасаңыз - тұмауға қарсы екпе алыңыз !!!

Дата публикации
30 сентября 2025