Жаз мезгілі - тамақтан улану және жедел ішек инфекцияларының жиі тіркелетін уақыты. Бұл өз кезегінде микроорганизмдердің тағамдарда, көкөністер мен жемістерде, сондай-ақ суда көбеюіне қолайлы әсер ететін ауа температурасының жоғарлауымен байланысты. Бұл ретте ішек инфекцияларының алдын алудың қарапайым ережелерін білу маңызды:
- Қауіпсіз тағамдарды таңдаңыз. Сіз тұтынатын/сатып алатын тағамның жарамдылық мерзімін және сонымен бірге өнімдердің құрамын тағы бір рет көруге жалықпаңыз.
- Азық-түлікті мұқият термиялық өңдеуден өткізіңіз.
- Тағамды пісіргеннен кейін бірден тұтыныңыз. Неғұрлым ұзақ сақталса, өнімнің микроорганизмдермен ластану қаупі соғұрлым жоғары болады.
- Азық-түлікті дұрыс жағдайда сақтаңыз. Тоңазытқышта сақталған тағам сол жерде болуы керек және ұзақ сақталмауын қадағалаңыз.
- Алдын ала дайындалған тағамды мұқият ысытыңыз.
- Шикі және пісірілген тағамдарды бөлек сақтаңыз.
- Қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз.
- Ас үйде тазалық пен тәртіпті сақтаңыз.
- Азық-түлікті жәндіктер мен кеміргіштерден қорғалған жерде сақтаңыз.
- Тағамды дайындау және ішу үшін таза суды пайдаланыңыз.