«Халықты профилактикалық екпелермен қамту, менингококк инфекциясының, вакциналармен басқарылатын инфекциялардың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді
2025 жылғы 25 маусымда басқарма мамандары және медицина қызметкерлері арасында «Халықты профилактикалық екпелермен қамту, менингококк инфекциясының, вакциналармен басқарылатын инфекциялардың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарда халықтың жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтылуы, медициналық шектеулердің негізділігі және екпеден бас тартудың динамикасы, адам папилломасы вирусына қарсы иммундаудың маңыздылығы, менингококк инфекциясының, вакциналармен басқарылатын инфекциялардың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша туындаған сұрақтар өзара талқыланып, түсіндірілді.