Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жедел жұқпалы вирустық ауру. Аурудың салдары мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін.
Кенелердің белсенділігі сәуір айынан бастап қарашаға дейін созылады, кене энцефалитінің тіркелу жағдайлары көктем-жаз кезеңінде байқалады.
Ағымды жылы кене энцефалитінің 3 жағдайы Талғар және Қарасай аудандарында тіркелді. Облыс аумағындағы Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Райымбек, Ұйғыр аудандары кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарға жатады.
Жыл басынан, кене шағумен медициналық көмекке 2 мыңнан астам жүгініп, кенеге қарсы иммуноглобулинмен және 3 мыңнан астам адам кене энцефалитіне қарсы жоспарлы екпемен қамтылды. Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы екпе эндемиялық аумақтарға жұмыс, демалыс, туризм, саяжай және бақша учаскелерінде жұмыс істеу мақсатында баратын адамдарға жүргізіледі.
Кене шағуының алдын алу шаралары:
Кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда жыл сайын профилактикалық дезинсекциялық іс-шаралар жүргізіледі. Кенеге қарсы өңдеуге облыс аумағының 738 га көлемінде 2 кезеңмен жүргізіледі. Қазіргі кезде өңдеудің екінші кезеңі ұйымдастырылып, жүргізілуде.