Безгектің тіркелу қаупі бар ма?

Безгек - масалардың кейбір түрлерімен берілетін, адам өміріне қауіп төндіретін ауру. Безгек негізінен Anopheles тұқымдасына жататын масалардың шағуы арқылы адамға жұғады. Безгектің ең жиі белгілері – қызба, бас ауруы және қалтырау. Әдетте белгілер масаның шағуынан кейін 10-15 күн өткен соң пайда болады. Безгектің кейбір түрлері ауыр және өліммен аяқталуы мүмкін.

Безгек негізінен тропикалық елдерде кездеседі. Дегенмен, безгек бойынша эндемиялық елдерге барған кезде келесі ұсыныстарды есте сақтау қажет:

  • Туристік сапарға шығатын елді таңдағанда, безгекті жұқтыру қаупінің болуы туралы ақпарат алыңыз;
  • Безгек бойынша қолайсыз елге шыққанға дейін, сол елде және оралғаннан кейін жеке химиопрофилактиканы - дәрілік препаратты қабылдаңыз;
  • Елде болу кезінде дененің ашық жерлерін репелленттермен өңдеңіз;
  • Безгек жұқпасы бойынша қолайсыз елде және оралғаннан кейін 3 жыл ішінде кез келген дене қызуы көтерілген жағдайда, дереу медициналық ұйымға қаралыңыз және қолайсыз елде болғаныңыз жөнінде хабардар етіңіз.

 

         Безгек және халықтың көші-қоны бір-бірімен байланысты, өйткені халықтың көші-қоны безгектің таралуына ықпал етеді. Адамдардың, соның ішінде туристердің, маусымдық жұмысшылардың және кәсіпкерлердің қарқынды көші-қоны эндемиялық емес аймақтардағы безгек масаларымен байланысқа ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, безгектің сырттан әкеліну жағдайларының пайда болу қаупі жоққа шығарылмайды.

 

         Безгек ауруының алдын алу үшін облыс аумағындағы су айдындарына дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі. Мемлекеттік өтінім шеңберінде, сәуір айынан бастап қазан айына дейін 6 кезеңмен Қапшағай су қоймасының 70,0 га  көлемі жыл сайын өңдеумен қамтылады.

Безгектің тіркелу қаупі бар ма?
Дата публикации
10 июня 2025