Қызылша сырқаттанушылығының эпидемиологиялық жағдайы

Алматы облысында қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

Ағымдағы жылы қызылшаның зертханалық расталған 66 жағдайы тіркелді. Науқастардың негізгі үлесін, яғни 92% - н  14 жасқа дейінгі балалар құрайды, оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар инфекцияға ең осал жас тобы болып қалуда, оларға сырқаттанушылықтың 86%-ы келеді.

Сонымен қатар, екпе алмағандар арасында жұқпалы аурудың тіркелуі  жалғасуда,  олар сырқаттанушылықтың жалпы үлесінің 88% құрайды. Оның ішінде, сырқаттанғандардың 38% вакцинация жасына жетпеген 1 жасқа дейінгі балаларға тиесілі, сырқаттанғандардың 33% медициналық қарсы көрсетілімдер себебінен егілмеген балалар, 24% вакцинациядан бас тартқан адамдар және науқастардың 5% қызылшаға қарсы вакцинация мәртебесі белгісіз.

Қызылшаға қарсы вакцинация - инфекцияның таралуын  және ауыр асқынулардың даму қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін ең тиімді шара.  Иммундаудың маңыздылығы  - бұл вакцинацияланған адамды қорғап қана қоймай, сонымен қатар қоғамда ұжымдық иммунитетті  қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл  өз кезегінде қоздырғыштың таралуын төмендете отырып, сырқаттанушылыққа осал топтарды қорғауға  көмектеседі.

Дата публикации
09 июня 2025