ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді
2025 жылғы 4 маусымда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі қалады.
2007 жылғы 4 маусымда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң қабылданды. Содан бері жыл сайын 4 маусымда елімізде мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Департамент басшысының орынбасары Гүлжан Аманова құттықтау сөз сөйледі.
Мемлекеттік рәміздер туралы персоналды басқару қызметінің бас маманы Әйгерім Шернияздан баяндама жасады.
Мемлекеттік рәміздер - бұл кез-келген мемлекеттің бірегейлігін, тарихы мен егемендігін көрсететін маңызды атрибуттары.