Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 30 қазандағы № 88 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 4-нысаны бойынша қағаз жеткізгіштегі есептерді қабылдау тоқтатылады және есеп «Тіркелген халық тізілімі» ақпараттық жүйесінің «Егу» модулі арқылы электронды түрде ғана қалыптастырылатын болады.