2025 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен екі балалар сауықтыру лагеріне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар (бұдан әрі – СЭҚ) берілді, олар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 20-бабына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңына, сондай-ақ "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен рәсімделді.
СЭҚ алған субъектілер:
ЖК Гардт Л. А. – "Тау-Жаңашар"балалардың белсенді демалыс орталығы;
ЖК Искендырова М.А. – "Gauhartau" балалар сауықтыру кешені.