Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік процесстік Кодексі» талаптарының шеңберінде қарастырады. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарына қойылатын талаптар аталған Кодекстің 63-бабында айқындалған. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарына келесі талаптар қойылады:
Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды тұлға немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:
Жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Егерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымы Кодекстің 63-бабының талаптарына сәйкес келмесе, әкімшілік органның лауазымды тұлға жолданым иесіне жолданымның қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді. Берілген мерзімде жолданым иесі ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, лауазымды тұлға жолданымды кері қайтарады. Жолданымды кері қайтару жолданым иесінің қайта жүгінуіне кедергі келтірмейді.
Алматы облысының
Санитарлық-эпидемиологиялық
Департамент басшының орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкіл Г. Аманова