Биылғы жылы қызылша ауруының алғашқы мәліметтер бойынша 69 жағдайы тіркелсе, 39 жағдай зертханалық расталды. Тіркелген жағдайлардың 52 (75%) ұйымдаспаған балалар, 8 (11%) мектепке дейінгі мекемелерде, 4 (6%) оқушылар, 4 (6%) ересектер, 1 (1,4%) ДЦП диагнозымен 2-топтағы мүгедектер. Иммундық статусы: вакцинацияланғандар – 13, екпе алмағандар – 56, оның ішінде медициналық босатуға байланысты – 20, кәмелетке толмағандар – 17, вакцинациядан бас тартқандар – 16, вакцинация жағдайы белгісіз – 3.
Инфекция ошағында 690 байланыста болған адам анықталды, медициналық бақылау ұйымдастырылды.
Қызылшаға қарсы екпе егілгендердің 89,6%-ы қайталама егумен қамтылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 жағдайға азайған.