АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2025

2025 жылғы 10 сәуірде департамент басшысы М.А. Исмаилов басшының орынбасары М. М. Сағадиевтің, бөлім басшысы Ж. А. Оразованың қатысуларымен Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан өнеркәсіптік және тағам объектілері үшін санитариялық-қорғау аймағын ұйымдастыру бойынша түсініктеме алуға қатысты жобалау ұйымы басшысының жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында санитариялық-қорғау аймағын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2025
Дата публикации
11 апреля 2025