АПВ дегеніміз не және инфекцияны жұқтыру ықтималдығы қаншалықты жоғары?

АПВ дегеніміз не және инфекцияны жұқтыру ықтималдығы қаншалықты жоғары?

Бұл терінің және әртүрлі ағзалардың шырышты қабаттарын зақымдайтын  кең таралған вирустар тобы. АПВ-ң 200-ден астам түрі белгілі, олардың 14-і жоғары онкогенді, яғни әйелдер де, ер азаматтарда да  қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін.

Бүкіл әлемде АПВ инфекциясы ең көп таралған инфекция болып табылады. Адамдардың 80% – ы өмір бойы немесе жыл сайын әлемде шамамен 6 миллион адам бұл инфекцияны  жұқтырады.

Бұл инфекцияға 16 – 25 жастағы әйел азаматтары ең осал болып келеді. Сондай – ақ,  кейбір адамдар инфекцияны қайта жұқтыруы мүмкін, өйткені АПВ инфекциясы вирустың сол түрімен қайта жұқтырудан қорғамайды.

Егер менде АПВ болса, бұл жатыр мойны обыры

пайда болады дегенді білдіре ме?

АПВ инфекцияларының көпшілігі қатерлі ісік ауруын тудырмай өздігінен өтеді. Иммундық жүйенің қызметіне байланысты,  әдетте ағза бір-екі жыл ішінде инфекциядан өздігінен тазартылады. Атап айтсақ, адамдардың 90%-ы осы инфекциямен дербес күреседі.

Алайда, ұзақ уақытқа созылатын жоғары қауіпті АПВ инфекциясы қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін. Бұл иммундық жүйенің инфекцияны басқара алмауынан туындайды. Яғни, жоғары онкогендік қауіпті АПВ-нан туындаған және көптеген жылдар бойы сақталуы өз кезегінде ағза жасушаларының  өзгерістеріне, ең алдымен қатерлі ісік алды үрдісінің (дисплазия), содан кейін қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін.

АПВ-на қарсы  вакцинаны  қалай алуға болады?

 

         АПВ-на қарсы вапкцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы ақысыз негізде қолжетімді. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін, ата – аналарының  немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

         АПВ-на қарсы вакина дельта тәрізді иық бұлшықетінің бұлшықет ішіне салынады. Вакцинация 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

АПВ қарсы вакцина қаншалықты тиімді?

         АПВ-на қарсы алғашқы вакцина 2006 жылы тіркелген және 20 жылдан астам уақыт ішінде бұл вакцина өзінің жоғары тиімділігін растады. Мысалы, Австралияда 10 жылдан астам уақыт ішінде 18 бен 24 жас аралығындағы әйелдер арасында АПВ инфекциясының деңгейі 22 есе төмендеді, ал әйелдерде жатыр мойны обыры шамамен  50% - ға төмендеді. Қазіргі уақытта Австралияда жатыр мойны обыры 100 000 адамға шаққанда 7 жағдайды құрайды, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен шамамен 2 есе төмен.

Екпеден кейінгі қорғаныс қанша уақытқа созылады?

Зерттеушілер 11 жылдан астам уақыт бойы екі және төрт валентті вакциналармен егілген адамдарды бақылайды және уақыт өте келе қорғаныс деңгейінің төмендейтініне ешқандай дәлел таппады.

Көптеген сарапшылар вакцина бірнеше онжылдықтар бойы тиімді және өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді деп санайды.

Дата публикации
04 апреля 2025