Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің «Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы» 2024ж 17 қыркүйектегі №11 Қаулысына сәйкес, облыста адам паилломасы вирусына қарсы екпелер 11 – 13 жастағы қызбалалар арасында жүргізіліп, бүгінгі күні 2 мыңнан астам қызбала екпемен қамтылуда.
ДДҰ басымдық ретінде 9 жастан 14 жасқа дейінгі қыздарға вакцина егуді ұсынады. Осы жастағы вакцинация ең күшті иммундық реакцияны қамтамасыз етеді және ерте жаста енгізілгенде тиімді.
Вакцинация бағдарламасының негізгі мақсаты – әйел азаматтарын АПВ тудыратын ең көп таралған жатыр мойны обырынан қорғау болып табылады.
Кез келген АПВ түрлерінен туындаған инфекциялардың көпшілігі симптомсыз өтеді және адам ағзасынан өздігінен шығарылады. Алайда, онкогендік қаупі жоғары түрлерімен инфекцияның 10 жағдайының 1-уі инфекция тудыруы және созылмалы түріне ауысуы мүмкін. Бұдан кейін қатерлі ісікке дейінгі өзгерістердің және қатерлі ісіктің дамуына әкелуі әбден мүмкін. АПВ инфекциясының алдын алу арқылы ісікке дейінгі өзгерістер мен қатерлі ісіктің дамуын болдырмауға болады.