Ағымды аптада медициналық ұйымдарға жіті респираторлық вирусты инфекциясының белгілері бар 9 мыңнан астам адам қаралды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға 64% - ы келеді.
Алдыңғы аптамен салыстырғанда, ЖРВИ сырқаттанушылығы 22% - ға және өткен кезеңмен салыстырғанда аурушылдық 24% - ға төмендеді. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.
Облыста тұмауға қарсы вакцинациямен 160 мыңнан астам адам, оның ішінде балалардың 25% - ы және ересектердің 75% - ы қамтылды.
Тұмауға қарсы вакцинацияның негізгі артықшылықтары:
- созылмалы өкпе және жүрек аурулары бар сырқаттарда пневмонияның даму қаупі төмендейді;
- егде жастағы адамдар арасында тұмау ауруы 50% - ға, асқынулардың дамуы 80% - ға төмендейді;
- пневмониямен сырқаттанушылығымен ауруханаға жатқызу 40% - ға төмендейді (егде жастағы адамдар арасында 45% - дан 85% - ға дейін);
- балаларда тұмаудың жиі кездесетін асқынуы болып табылатын жедел отиттің жиілігі 40% - дан 70%-ға төмендейді;
- созылмалы бронхиттің өршу жиілігі 20%-ға төмендейді;
- сондай-ақ бронх демікпесінің алдын алуға қатысты тиімділік анықталды, онда өршу жиілігі 60-70% - ға төмендейді.