Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинация және эпидемиологиялық жағдайға шолу

Ағымды аптада медициналық ұйымдарға жіті респираторлық вирусты инфекциясының белгілері бар 11 мыңнан астам адам қаралды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға 64%  - ы келеді.  

Алдыңғы аптамен салыстырғанда, ЖРВИ сырқаттанушылығы 15% - ға төмендеді, өткен кезеңмен салыстырғанда аурушылдық қалыпты деңгейде. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцинациямен 149 мыңнан астам адам, яғни, егілуге жататындардың 91% қамтылды.

Вакцинация тұмаудың ең сенімді қорғанысы болып табылады. Алайда, нақты профилактика 100% қорғауға кепілдік бермейтінін түсіну маңызды, себебі: вакцинациядан кейінгі иммундық жауап тек вакцинада болған штаммдарға ғана қалыптасады, вакцинацияланғандардың барлығында жеткілікті тиімді иммундық жауап дамымайды; жеке адамдарда, әсіресе егде жастағы адамдарда тұмауға қарсы вакциналар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді қорғанысты береді.

Тұмауға қарсы вакцинациялаудың негізігі мақсаты  - сырқаттанушылықтың және аурудан кейінгі асқынулардың алдын алу

Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинация және эпидемиологиялық жағдайға шолу
Дата публикации
28 октября 2024