Көкжөтел сырқаттанушылығының эпидемиологиялық жағдайы

Ағымды жылдың өткен мерзімінде көкжөтел жұқпасының зертханалық расталған 293 жағдайы анықталды.

Сырқаттанушылықтың басым үлесі  бір жасқа дейінгі балаларға келеді -  58% құрайды, 1 – 4  жасқа дейінгі балалар  - 38%,  5 жас және одан жоғары  - 4%.  

Сырқаттанушылықтың 93%-ы екпе алмағандар, оның ішінде:  53% денсаулық жағдайына байланысты медициналық шектеу себептерімен екпе алмағандар, 35% вакцинациядан бас тартқандар, 11% екпе жасына жетпегендер және 1% иммундық статусы белгісіз.  

Көкжөтелмен ауыратын науқастарды және көкжөтелдің бактериясын таратушыларды ерте анықтау, аурудың таралуының алдын алу мақсатында  байланыста болған адамдар бір рет бактериологиялық тексерумен қамтылады.

Ағымды жылы мемлкеттік тапсырыс аясында жұқпа ошағында қарым – қатынаста болған 1 464 адам зерттеумен қамтылды

Көкжөтел сырқаттанушылығының эпидемиологиялық жағдайы
Дата публикации
28 октября 2024