2024 жылғы 18 қазанда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық басқармалармен және ҰСО филиалымен кеңейтілген бірлескен кеңес өткізілді, онда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмысының нәтижелері қаралды.
Келесі мәселелер тыңдалып, талқыланды:
2024 жылдың 9 айындағы зертханалық зерттеулер мен өлшеулердің, қаржыландыру көлемінің мемлекеттік тапсырыс жоспарын орындау;
өңірдегі эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы;
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нысаналы топтарды иммундау, Бас прокуратураның емдеу-алдын алу ұйымдарын тексеру нәтижелері және бұзушылықтарды жою бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы;
Ұйғыр ауданында Сібір жарасының өршуі кезінде қабылданған шаралар туралы;
- Департаменттің аумақтық басқармалары басшыларының 9 айдағы қызметі және жыл соңына дейінгі міндеттері туралы;
- ұйымдастыру-әдістемелік, қаржылық, құқықтық, кадрлық қызметтің қорытындысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыс туралы;
Кеңес қорытындысы бойынша 2024 жылдың соңына дейін орындалатын міндеттер қойылды.