Ағымды жылдың өткен мерзімінде көкжөтел жұқпасының зертханалық расталған 289 жағдайы анықталды.
Сырқаттанушылықтың басым үлесін бір жасқа дейінгі балалар құрайды, оларға жалпы сырқаттанушылықтың 57,4% тиесілі, 1 – 4 жасқа дейінгі балалар 38%, 5 жас және одан жоғары 5%-ды құрайды.
Сырқаттанушылықтың 93%-ы екпе алмағандарға келеді, оның ішінде денсаулық жағдайына байланысты медициналық шектеу себептерімен екпе алмағандар (53%), вакцинациядан бас тартқандар (35%), екпе жасына жетпегендер (11%) және иммундық статусы белгісіз (1%) басым бөлігін құрайды.
Көкжөтелдің жиі кездесетін асқынуларының бірі - бактериялық пневмония, ол жас балаларда жиі дамиды және аурудың асқынуы кезінде өлім-жітімнің себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар, жөтел мен гипоксия салдарынан неврологиялық асқынулар, соның ішінде ұстамалар мен мидың зақымдануы (энцефалопатия) дамуы мүмкін. Өзге де асқынулардың қатарына ортаңғы құлақтың қабынуы, дегидратация және анорексия, мұрыннан қан кету және грыжа жатады. Көкжөтелмен ауыратын жасөспірімдер мен ересектерде пневмония, ұйқының бұзылуы, кіші дәретті ұстамау, салмақ жоғалту және қатты жөтелден кейін қабырға сынуы мүмкін.
Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Ұлттық күнтізбеге сәйкес, көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцинамен жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балалар АбКДС күшейткіш дозасымен егіледі.
Сондай –ақ, вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балаларға толықтыра иммундау жалғасуда, бүгінгі күнге 15 мыңнан астам екпемен қамтылды.