2024 жылғы 26 қыркүйекте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының мамандары үшін 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді.
Тұжырымдаманы түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Жақыпов Арсен Абзалұлы шақырылды.
Арсен Жақыпов өз сөзінде үш кезеңнен тұратын мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған негізгі бағыттарын атап өтті:
Кездесу барысында Әдеп кодексінің, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның нормалары, сондай-ақ "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулер қосымша түсіндірілді.
Кездесу соңында Агенттік пен Департаменттің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы мемлекеттік қызметке кадрларды тарту жөніндегі бірлескен ынтымақтастығы туралы сындарлы шешім шығарылды.