Адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық
егулерді жүргізу тәртібі қандай?
- АПВ-ға қарсы вакцинация 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі;
- Вакцина 0,5 мл дозада иықтың дельта тәрізді бұлшықет аймағына енгізіледі;
- АПВ-ға қарсы вакцинациялау профилактикалық егулерге медициналық қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакцинацияның бірінші дозасын енгізуге ерекше күшті реакция дамыған жағдайларда, екінші дозаны енгізу тоқтатылады;
- Егілуге тиіс адамдарды вакцинациялау мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі немесе вакцинация жүргізу үшін жағдайлар болмаған кезде медициналық ұйымдардың егу кабинетінде немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады;
- Жүргізілген профилактикалық егулер профилактикалық егулерді жүргізу күнін, егу түрін, препаратты өндірушіні, вакцинаға реакцияны көрсете отырып, профилактикалық егулерді есепке алу журналы, КМИЖ, ҚР ДСМ БХТ, «Вакцинациялау» модуліне тіркеледі;
- Жеке желдетілетін үй-жайды бөлу, онда егілген адамдар вакцинациядан кейін 30 минут бойы медициналық бақылауда болады;
- Психо-эмоциялық ширығуды болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары үшін мектептің психологын немесе әлеуметтік педагогты тарту;
- Вакцинация барысында құлаудың алдын алу мақсатында отырғызып немесе жатқызып егу жүргізу, аш қарынға егу жүргізбеу қамтамасыз етіледі.
АПВ қарсы вакцинасын егу кезінде неге назар аудару қажет?
1) иммундау жүргізу алдында әрбір егілуші алатын АПВ-ға қарсы екпесі туралы хабардар етіледі, егілушіге профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, екпеден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі және пациентке ақпараттық материалы бар жадынама береді және АПВ-ға қарсы вакцинацияның екінші дозасымен вакцинациялау мерзімі хабарланады;
2) пайдалану алдында әрбір бірліктің таңбалауын (препараттың атауы, жарамдылық мерзімі, сыртқы түрінің нұсқаулықтағы сипаттамаға сәйкестігі, тұтастығы) мұқият зерделеу;
3) вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтау (плюс 2°C-тан плюс 8°C-қа дейінгі температурада, жарықтан қорғау керек. Мұздатпау керек);
4) вакцина енгізу орнын 70% спиртпен өңдеуді жүргізу;
5) вакцинаның қаптамасын ашу егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің көзінше вакцинация алдында тікелей жүргізіледі;
6) егілген адамдарға вакцинациядан кейін алғашқы 30 минут ішінде медициналық бақылау орнатылады.
Профилактикалық егуді алған адамдар үшін қандау ұсынымдар бар?
Белсенділігі жойылған вакциналармен вакцинациялаудан кейін алғашқы 3
тәулікте жанама әсерлері дамуы мүмкін:
- жалпы (қалтыраумен, дене температурасының жоғарылауымен, жалпы әлсіздікпен, бас ауруымен, шаршаумен сипатталатын тұмауға ұқсас қысқа синдром), сирек жүрек айнуы, диспепсия, тәбеттің төмендеуі, кейде аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, буындар мен бұлшықеттердің ауыруы, аллергиялық реакциялар, невралгия, неврологиялық бұзылулар дамуы мүмкін;
- жергілікті реакциялар (ауырсыну, қызару, инъекция орнында ісіну) дамиды.
Вакцинациядан кейінгі кезеңге қатысты туындаған мәселелер бойынша тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге және қажет болған жағдайда жедел медициналық көмек шақыру ұсынылады.