ЖОО түлектеріне
мемлекеттік қолдау
Жастар практикасынан өту туралы "Қонаев қаласының жұмыспен қамту орталығы" ММ-нің жолдамасы бойынша, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дипломы бар жас маман Гаухар Жұмабайқызы жасалған шарт негізінде Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қабылданды.
Жастар практикасы білім беру ұйымының түлектеріне одан әрі жұмысқа орналаса отырып, алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.
Әлі жұмысқа тұрмаған білім беру ұйымының әрбір түлегі тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында тіркеліп, мамандығы бойынша жастар практикасынан өте алады.