2024 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары үшін семинар өткізілді.
«Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты өзекті мәселелер туралы» Департамент басшысының орынбасары Сагадиев Муслим Маулянович баяндады.
«Мүдделер қақтығысын басқару» жөнінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Гульжан Нысангалиевна Аманова баяндама жасап, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қағидаттарын түсіндірді. Сонымен қатар Гульжан Аманова аумақтық департаменттердің басшыларын мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырды.