Үздік дипломы бар ЖОО түлегі мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылданды

Батырхан Аружан Әділбекқызы 2024 жылы мемлекеттік білім грантпен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқудың орташа өлшемі/GPA 3.54 баллмен жоғары үлгерімімен үздік бітірген.  

ЖОО-ның үздік түлегі ретінде, Балқаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы бос лауазымына конкурс өткізілместен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің келісуімен, қызметке тағайындалды.

Үздік дипломы бар ЖОО түлегі мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылданды
Дата публикации
02 августа 2024