2024 жылғы 26 шілдеде Департамент басшысы М. Ә. Исмаилов персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Жолдасұлының қатысуымен жеке мәселелері бойынша А. М. Есепханованы қабылдады. Ол медициналық ЖОО түлектерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына мемлекеттік қызметке түсу тәртібі туралы түсініктеме алу үшін жүгінді.
Жеке қабылдау барысында мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, "Б"корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді.
Қабылдау және ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша оның біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталып, мемлекеттік қызметке түсу үшін тестілеуден өту ұсынылды.
Тесттен өту нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысу ұсынылды.