2024 жылғы 25 шілдеде Департамент басшысы М. Ә. Исмаилов Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының орынбасары С.Б. Сахитовтың қатысуымен Ыдырыс Оспанбековты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ол Басқармамен "777" дәмханасында кәуәп сапасына қатысты арызын қарауына түсініктеме алу үшін жүгінді.
Қабылдау барысында оған ҚР ӘРПК және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өтініштерді қарау және оған шағымдану тәртібі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісін жоспардан тыс тексеруді тағайындаудың негіздері мен тәртібі түсіндірілді.
Қабылдау нәтижесінде Басқарма басшысының орынбасары С. Б. Сахитовқа өтініш берушінің арызына берілген жауапты толықтырып, қайта жауап дайындау туралы тапсырма берілді.