ЖОО-ның үздік түлектері үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз тікелей тағайындау

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы жоғары оқу орындарының үздік түлектері үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі енгізілді.

Алипбек Алия Ержанқызы 2024 жылы мемлекеттік білім грантпен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6B10107-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша  оқудың орташа өлшемді бағасы/GPA 3.45 баллмен жоғары үлгеріммен бітірген.

Сондықтан, ЖОО-ның үздік түлегі ретінде Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының бас маман, C-R-4 санаты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетіні ескере келе,  конкурс өткізілместен жұмысқа қабылданды.

ЖОО-ның үздік түлектері үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз тікелей тағайындау
Дата публикации
25 июля 2024