Бақылау субъектісіне (объектісіне)бару арқылы және бармай. Профилактикалық бақылау және қадағалау дегеніміз не?

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне)  профилактикалық бақылау және қадағалау – бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асыратын, алдын алуға, ұсынымдар беруге бағытталған бақылау және қадағалау. құқық бұзушылықтардың алдын алу және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қол сұғуға жол бермеу мақсатында құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен шарттарын жою болып табылады.

Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бақылау мен қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырады.2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жүргізудің мақсаттары, құралдары, тәсілдері, субъектілердің (объектілердің) тізбесі, жүргізу жиілігі, бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) байқауды есепке алу тәсілі міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалады.3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Кәсіпкерлік Кодекстің 144-1-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және ҚР-ның өзге де заңдарына сәйкес мынадай шарттардың барлығы сақтала отырып жүзеге асырылады:1) бақылау және қадағалау органдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруына тыйым салынады; 2) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу әрі бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ бақылау мен қадағалау субъектісіне оны жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) жасалады.4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады. Бақылау және қадағалау органында автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері осы ақпараттық жүйеде ескеріледі. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау – бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін бақылауды білдіреді және оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектілеріне әкімшілік іс жүргізуді қозғамай оларды жою туралы нұсқама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылады. Нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, осы бақылаудың алдындағы жылы аталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына және 144-1-бабына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жасалған жағдайда жүргізіледі

Бақылау субъектісіне (объектісіне)бару арқылы және бармай. Профилактикалық бақылау және қадағалау дегеніміз не?
Дата публикации
16 июля 2024