Халықпен кездесу

2024 жылғы 12 шілдеде Алматы облысы, Іле ауданы,

Н.Тілендиев ауылында, құзырлы мемлекеттік органдардың, мәжіліс депутаты, қоғамдық бірлестік пен халық қатысуларымен көшпелі жиын ұйымдастырылды.

 

Көшпелі жиында Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары З.Ахметованың, бас сарапшысы Ж.Қойшыбаевтың, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы М.Исмаиловтың, Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының м.а. С.Сахитовтың қатысуларымен  халықтың "Алматы су" мекемесінің  кәріз суларын тазарту қондырғыларының тиімсіз жұмысына қатысты арыздары мен наразылықтары қаралды.

Жиын барысында тұнбаларды өңдеу цехының жобасы бойынша

санитариялық қорғау аймағын сақтамау бөлігінде мемлекеттік сараптаманың

теріс қорытындысына қатысты түбегейлі шешім табуы  маңыздылығын және бұл

мәселе бірнеше мемлекеттік органның бірлесе қарауына жататындығын және

 аталған мәселе әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошағы

болып табылатын ескере келе, 2024 жылғы 19 шілдеде Астана қаласында келесі жиын өткізу ұсынылды. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің жеке бақылауына алынды.

Халықпен кездесу
Дата публикации
15 июля 2024