Атмосфералық ауа сапасы. 2024 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары атмосфералық ауадан 1785 сынамасын санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша зерттеліп, 9 сынама (0,5%) гигиеналық нормаларға сай келмеген.
Ауыз судың сапасы. 2024 жылдың 1 тоқсанында су құбыры суынан 1550 сынама микробиологиялық көрсеткіштері бойынша зерттелді, оның ішінде 6 сынама (0,39%) гигиеналық нормаға сәйкес келмеді, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 1232 сынама зерттеліп, 9 сынама (0,73%) сәйкес келмеді.