Аудандық және қалалық басқармалардың
мамандарына оқыту жүргізілді
2024 жылғы 18 маусымда Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жобалау ұйымымен бірлесіп өнеркәсіптік объектілердің санитариялық-қорғау аймағын негіздеу жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы мәселелері бойынша аудандық және қалалық басқармалардың мамандарын оқытуды ұйымдастырды.
Дәріс, топтық пікірталас, практикалық сабақтар және алынған ақпаратты жеке бағалау форматтарында оқыту барысында өнеркәсіптік объектілердің санитариялық-қорғау аймағын негіздеу жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың өзекті мәселелері, "ЭРА" бағдарламалық қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын және адамның тіршілік ету ортасы факторларын бағалау тәсілдері мен әдістері бойынша қажетті білім мен дағдылар берілді.