Алатау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы құрылды
Алматы облысының Алатау қаласы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Алатау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы құрылды.
Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Байдуллаұлы Сахитов жаңа басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Алатау қаласында әкімшілік ғимаратпен мәселе шешілгенге дейін жаңа басқарма Өтеген батыр ауылы, Қолдасов көшесі,8 мекенжайы бойынша Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында уақытша орналастырылды.