Вакцинацияланбаған баланы балабақшаға қабылдамауы мүмкін бе?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №289 бұйрығына сәйкес, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе өзге де себептер себебінен жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберілуі ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90% құрауы қажет. Профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберілуі олардың топтағы үлесі 10%-дан аспайтын болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Ата-аналардың профилактикалық екпелерден бас тартуы балаларды ұйымдасқан ұжымдарға жіберілмеудің себебі болып табылмайды. Алайда, жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда, екпе алмаған балалардың сырқаттану қаупі өте жоғары, ал аурудың ағымы ауыр асқынулармен өтуі немесе өліммен аяқталуы мүмкін. Осыған байланысты, екпемен қамтылмаған балалар ауру тоқтағанға дейін ұйымға жіберілмеуі керек, өйткені олар инфекциядан қорғалмаған.