Ата-ана баланы екпемен қамтуға міндетті ме?

Ата-ана баланы екпемен қамтуға міндетті ме?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 85 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер алуға құқылы.

Вакцинация тек өз денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамның денсаулығы үшін де маңызды. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін иммундауға жататын халықтың 95%-ын екпемен қамту қажет. Халықты иммундаумен толық қамтымау жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, бүгінгі күні қызылшамен ауырғандардың  87%-ы және   көкжөтелмен сырқаттанғандардың 92%-ы екпе алмағандар. Бұл ретте, қолайлы эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз денсаулығына ғана емес, ұлт денсаулығына да қамқорлық жасауға міндетті.

Ата-ана баланы екпемен қамтуға міндетті ме?
Дата публикации
17 июня 2024