СТАНДАРТТЫ САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

СТАНДАРТТЫ САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

 

Стандартты сақтандыру шаралары – бұл пациенттер мен медициналық
қызметкерлер арасында әрі анықталған, әрі анықталмаған инфекция көздерінен патогенді микроорганизмдердің берілу қаупін төмендетуге бағытталған инфекциялық бақылау жүйесі шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар кешені. Стандартты сақтандыру шаралары қанда, организмнің биологиялық сұйықтықтарында, секреттерінде, терден басқа экскреттерінде, зақымданған теріде және шырышты қабаттарда трансмиссиялық инфекциялық агенттер болуы мүмкін деген қағидатқа негізделген. Инфекция жұқтырған қанмен және организм сұйықтықтарымен жанасу профилактикасындағы стандартты сақтандыру шараларының тиімділігі бірқатар
қадағалауда дәлелденген.

Стандартты сақтандыру шаралары барлық МҰ-да және медициналық
қызметкерлердің бәрі, диагнозға қарамастан, денсаулық сақтау ұйымына
медициналық көмекке жүгінетін кез келген пациентке қатысты орындалуы тиіс. Стандартты сақтандыру шаралары пациенттермен немесе пациенттерден әлде медициналық қызметкерлерден түскен микробтар болуы мүмкін беткейлермен кез келген жанасу кезінде қолданылады. Стандартты сақтандыру шаралары науқастарды да, медперсоналды да, оның ішінде геможанаспалы инфекциялар (В және С гепатиттері, АИТВ) қоздырғыштарынан тиімді қорғайды.

 

Стандартты сақтандыру шаралары келесі компоненттерді қамтиды:

 
- қол гигиенасы;
- қауіптің ағымдағы бағалауына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;
- инъекция салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары;
- респираторлық гигиена және жөтел әдебі;
- қоршаған кеңістікті тазалау;
- медициналық киім-кешек;
- медициналық қалдықтарды қауіпсіз жою;
- медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған жабдық қауіпсіздігі.

Дата публикации
17 июня 2024