Қызылша - парамиксовирустар (Paramyxoviridae) тұқымдасынан вирус тудыратын жұқпалы ауру. Қызылша вирусы сыртқы ортада төзімсіз, адам ағзасынан тыс кезде тез жойылады, ауада 2 сағатқа дейін белсенді бола алады, күн сәулесінен, ультракүлгін сәулелерден тез өледі. Жуғыш заттар мен дезинфекциялық заттардың әсеріне сезімтал болып келеді.
Дегенмен, қызылша вирусына тән ерекше белгілері оның сақталуына мүмкіндік береді. Ең алдымен, бұл инфекцияның жоғары жұқпалылығы - сезімтал адамдармен байланыста болған кезде инфекцияның таралуы 90% - дан асады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы вакцинацияланбаған адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Инфекцияның ауа тамшыларымен берілу ерекшелігі вирустардың айналымда болуына және бүкіл әлемге таралуына мүмкіндік береді. Инфекция сыртқа ортаға сырқаттанған адам сөйлеу, түшкіру немесе жөтелу кезінде тамшылармен бөлінеді және өзге адамдарға жұқтырған тамшыларды демалу кезінде жұғады. Әрине, бұл жолды тоқтату мүмкін емес.
Облыс бойынша ауруға шалдыққандардың 85% - ы қызылшаға қарсы егілмеген адамдар екенін атап өткім келеді, бір сөзбен айтқанда, аурушаңдықтың өсуінің негізгі себебі – қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмауынан болып отыр.
Инфекцияның таралуын тек арнайы алдын алу арқылы тоқтатуға болады. Вакцинопрофилактиканың тиімділігі вакцинациялануға жататын адамдардың қамту дәрежесіне байланысты. Басқаша айтқанда, қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитетіне қол жеткізу үшін облыс халқының кемінде 95% вакцинациялауы қажет.